«Атырау» - «Оқжетпес» матчы 26 шілдеге ауыстырылды

«Атырау» - «Оқжетпес» матчы 26 шілдеге ауыстырылды

«Атырау» футбол клубының қосалқы стадионы тексерістен өтпей, негізгі аренасы «Мұнайшының» алаңы дайын болмағанына байланысты ел чемпионатының 8-ші турындағы «Оқжетпеске» қарсы ойын кейінге шегерілді. Бұл туралы ҚКФЛ ресми сайты хабарлады.

Күнтізбе бойынша матч 23 сәуірде өтуі керек болатын. Алайда қос клубтың өтініші бойынша матч 26 шілдеде ойналатын болды.

Осыған орай, көкшетаулық клубтың тағы бір ойыны кейінге шегерілді. 17-ші турдағы «Оқжетпес» пен «Қайсар» матчы 29 шілдеде емес, 30-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или