«Челси» Джон Терридің маусым соңында клубтан кететінін мәлімдеді
«Челси» өзінің капитан, клубта 22 жылын өткізген Джон Терридің клубтан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы көктердің ресми сайты хабарлаған болатын.
«Өз карьерасының барысында Джон «Челсидің» жетістікке жетуі үшін орасан зор үлес қосты. Ол чемпиондар лигасын, АПЛ-дің 4 титулын, Еуропа лигасын, Англия кубогын бес мәрте және ағылшын лигасы кубогын үш мәрте жеңіп алды. 14 титутл оны клуб тарихындағы ең атақты футболшыға айналдырды», — деп жазылды «Челси» сайтында.
36 жастағы Терри «Челсиге» 1995 жылы келді. 1998 жылы кәсіпқой деңгейде алғашқы матчын өткізді. Ол 700-ден астам ойын өткізіп, 66 рет гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или