«Барселона» - «Ювентус» кездесуінің төрешілері белгілі болды
Чемпиондар лигасының ¼ финалындағы «Барселона» - «Ювентус» арасындағы қарымта ойынның төрешісі белгілі болды.
Кездесуде голландиялық төрешілер қызмет жасайды. Бас төреші – Бьорн Кайперс. Қапталдағы төрешілер Сандер ван Рукел мен Эрвин Зейнстра. Төртінші төреші – Марио Дикс. Қосымша төрешілер – Пол ван Букел, Данни Маккели.
Қарымта кездесулер 19-шы сәуір күні өтеді. Алғашқы кездесуде туриндік команда 3-0 есебімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или