IV «Алматы Марафоны» күні бірқатар жолдар жабылады

IV «Алматы Марафоны» күні бірқатар жолдар жабылады

Алматыда жүгіру марафоны өтетін күні бірқатар жолдар жартылай жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, марафон 23 сәуір күні сағат 07.00-ден 14.00 аралығында өтеді. Осы уақытта іс-шара өтетін жолдар бойында көліктер үшін  қозғалыс шектеледі.  Жоспар бойынша, Әл-Фараби көшесінің солтүстік жағынан Шығыс айналма жолының батыс бөлігі, Абай даңғылының оңтүстік бөлігі мен Сейфуллин көшесінің Абай даңғылымен қиылысатын тұсынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі бөлігі автокөліктер үшін жабық болады. IV «Алматы Марафонына» қазіргі уақытта 13 мың адам тіркелді.

«Жүгіруді ұнататындар үшін бірнеше қашықтық ұсынылып отыр. Толық марафон - 42 шақырым 195 метрді, жарты марафон - 21 шақырымды, спутник жүгіру - 10 шақырымды, скандинавиялық үлгідегі жүріс - 10 шақырымды, балалар үшін жүгіру қашықтығы 3 шақырымды құрайды. Жолдардың жабылуына байланысты осы күнгі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,  - дейді «Алматы Марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

Оның айтуынша, көлік қозғалысы шара аяқтала салысымен сағат 14.00-де қалпына келтіріледі. Марафонға қатысушылардан жиналған ақша қаражаты ауыр науқасты 500 баланың ем-домына жұмсалмақ. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или