Стойчо Младенов: Стадионның сапасы төмен екені рас
«Қайсар» ФК-ның бас бапкері Стойчо Младенов «Ертіске» (1:1) қарсы өткен кездесу жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы павлодарлықтардың баспасөз-қызметі хабарлады.

- Жақсы әрі бір деңгейлі ойын болды. Гол өткізіп алған соң бірден жауап бергеніміз де қуантады. Кездесу соңына қарай Сақалбаевтың соққысы «Ертіс» футболшысының қолына тигендей болды. Жалпы, әр ойында біздің командамыздың өзіндік бір симпатиясы бар екені байқалады.

- Николичке дейін ойын басқаша болып еді, Николичтен кейін басқаша болып қалды?

- Әр ойыншы біз үшін маңызды. Бізде басқа орталық шабуылшы жоқ. Бұл да қиыншылықтар туғызады. Бірақ, командамыздың әр матчта гол соғатынына риза боламын, бұл командамыздың мінезді екенін көрсетті. Стадионның сапасы төмен екені рас, екі аптадан соң жақсарады деген ойдамын. Ал, ертең футболшылардың денсаулығы жайлы айтып, Қазақстан Кубогінің ойынына шығатын жігіттерді анықтайтын боламыз.