Алексей Петрушин: Көшбасшы ойыншы жетіспеді

Алексей Петрушин: Көшбасшы ойыншы жетіспеді

«Ордабасы» командасының бас бапкері Алексей Петрушин «Қайратпен» болған жайлы ойын айтты.

«Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын. Олар бүгін жеңіске лайықты болды. «Қайрат» бүгін барлық жағынан басым болды. Алматылық командамен терезесі тең ойын көрсету үшін өте сақ ойнау қажет. Алайда ол бүгін біздің қолдан келмеді. Үш голдың екеуін өзіміз алып келдік. Дегенмен жеке шеберліктерінің арқасында үшеуден де көп гол соғатын мүмкіндіктері болды. Әсіресе, Исаэльді ерекше атап өткім келеді. Ол біздің ойыншыларға қарсы бейне бір жаттығуда жүргендей ойнады. Өзімізді осыншалық дәрменсіз сезінеміз деп ойламадым».

«Бүгін алаңда кім жетіспеді? Алаңда бәрінің басын біріктіретін көшбасшы ойыншы болмады. Самат Смақов керек еді. Алайда оның келісімінде «Қайратқа» қарсы үш жыл ойнамайтыны жазылған. Менің білуімше биыл соңғы жыл...»

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или