Кахабер Цхададзе: Бұл ойынды тезірек ұмыту қажет
«Қайрат» клубының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Ордабасымен» болған жеңісті ойыннан кейін өз ойымен бөлісті.
- Өздерңіз түсінгендей психологиялық тұрғыдан біздің жағдайымыз мәз емес еді. Екі доп айырмашылығын ұстап қала алмаған ойынымыз жайлы көп пікірлер болды. Шәкірттеріме болған жағдайдан жақсы сабақ шығарғаны үшін алғыс айтқым келеді. Алғашқы минуттан бастап ойын соңына дейін жігіттер білгенінен жаңылмады. Голдар керемет комбинациядан кейін соғылды. Алайда бұл ойынды тезірек ұмытып, кубоктық ойынға дайындалу қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или