«Қайрат» қаһарына мініп, «Ордабасыны» оңдырмады

«Қайрат» қаһарына мініп, «Ордабасыны» оңдырмады

ҚПЛ-ның 7-ші тур аясында алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» клубымен кездесіп, жеңіске қол жеткізді.

Кездесудің фавориті саналған алматылық клуб ойынның алғашқы минутынан бастап ойын басымдығына ие болды.  Матчтағы алғашқы гол да көп күттірген жоқ. «Қайрат» ойыншылары Исаель, Гоу және Исламхан үштігінің керемет комбинациясынан кейін алматылық клубтың капитаны есеп ашты.

Бірінші тайм соңында сол Исаель мен Гоу жұбы «Ордабасы» қақпасына екінші голды соқты. Гол авторы Жерар Гоу. Алайда голдың соғылуына Гоудан көрі Исаельдің көбірек еңбегі сіңді. 

Екінші таймның 69шы минутында команданың хорватиялық легионері Иво Иличевич «Қайрат» сапындағы өзінің алғашқы голын соғып, есепті 3:0 жеткізді.

Осылайша алматылық команда өз алаңында шымкенттік команданы айқын басымдықпен тізе бүктірді.

«Қайрат» - «Ордабасы» (2:0) 3:0

«Қайрат» : Владимир Плотников, Жарко Маркович, Барбоза Исаэль (Аршавин), Жерар Гоу (Чума), Сезар Арзо, Иво Иличевич, Акош Элек, Гафуржан Суюмбаев, Исламбек Қуат, Ермек Қуантаев, Бауыржан Исламхан (Жуков). 

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Михаил Бакаев, Георгий Жуков, Ойбек Балтабаев, Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Чума Анене, Андрей Аршавин. 

«Ордабасы»: Алмат Бекбаев, Абдулай Диакате, Никита Бочаров, Кирило Ковальчук, Пабло Фонтанелло, Танат Нусербаев (Марцваладзе), Ренат Абдулин, Азат Нургалиев, Темирлан Ерланов, Мардан Толебек, Еркебулан Тунгышбаев. 

Қосалқы құрам: Сергей Бойченко, Санат Жумаханов, Әлібек Бөлешев, Бакдаулет Қожабаев, Бекзат Бейсенов, Зоран Рендулич, Гогита Гогуа, Отар Марцваладзе, Александр Гейнрих.

Голдар: Иламхан (6), Гоу (43), Иличевич (69)

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или