«Тараз» бен «Ақжайық» бір ұпайдан алды

«Тараз» бен «Ақжайық» бір ұпайдан алды

«Тараз» ер біріншілігінің 7-ші туры аясында «Ақжайықты» қабылдады.

«Тараздық» клуб алаң иелері ретінде бұл ойында өз басымдығын көрсетуге тырысты. Алғашқы минуттардан-ақ бірден алға ұмтылды. Қарсыласты жарты алаңнан күтіп алып, қысым көрсетті. Дегенмен қонақтар да қарымта шабуылға ден қойып, реті келсе бірден қақпаға ұмтылды. Екі команданың да бірінші таймдағы талпынысы голға айналмады.

Екінші тайм басталысымен екі команда да басымдықты өз қолына алғысы келген. Дегенмен ойын көбіне орта алаңда өрбіді. Қонақтар турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алғысы келгенімен, бұл жолы қақпадан саңылау таба алмай әуре болды. Алаң иелері өз кезегінде жанкүйерлері алдында барын салып бақты. 

Қазақстан чемпионаты. 7-тур

«Тараз» - «Ақжайық» - 0:0

Тараз. 16 сәуір, 2016 жыл

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или