«Қайсар» мен «Ертіс» ұпай бөлісті

«Қайсар» мен «Ертіс» ұпай бөлісті

«Қайсар» ер біріншілігінің 7-ші туры аясында «Ертіспен» кездесу өткізді.

Алғашқы минуттардан «Қайсар» бірден алға ұмтылды. Қарсыласқа қысым көрсетіп, бүгінгі ойында тек жеңіс үшін ойнайтынын білдірді. Керекулік команда да қарап қалмай, қос қапталдан жиі шабуыл жасай бастады. Бірақ екі команда да соңғы соққы жасау кезінде мүлт кетіп жатты. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ.

Екінші тайм басталысымен екі команда да басымдықты өз қолына алғысы келген. Дегенмен ойын көбіне орта алаңда өрбіді. Қонақтар турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алғысы келгенімен, бұл жолы қақпадан саңылау таба алмай әуре болды. Алаң иелері өз кезегінде жанкүйерлері алдында барын салып бақты. 83-ші минутта қонақтар есеп ашты. Керекулік команда ойыншысы Родриго Антонио есеп ашты. 86-шы минутта алаң иелерінің сапынан Нтибазункиза таразы басын теңестіріп кетті.

Қазақстан чемпионаты, 7-тур, Қызылорда

«Қайсар» - «Ертіс» - 1:1

Голдар: Нтибазункиза 86 - Родриго 83

«Қайсар»: Марсель Исламкулов, Ильяс Амирсеитов, Иван Граф, Абдель Ламанж, Дмитрий Евстигнеев, Владимир Аржанов, Джон Камара, Валерий Коробкин, Саиди Нтизабонкиза, Максат Байжанов, Стефан Николич.

Қосалқы құрам: Александр Григоренко, Айбол Жақаев, Валентин Чуреев, Руслан Сақалбаев, Думан Нарзилдаев, Алексей Мулдаров, Жамбыл Көкеев, Евгений Горячий, Матиас Курьо.

«Ертіс»: Давид Лория, Александр Кислицын, Серж Бандо, Стефан Живкович, Родриго Антонио, Евгений Ткачук, Лаша Двали, Франк Джа Джедже, Пиралы Алиев, Илья Воротников, Аслан Дарабаев.

Қосалқы құрам: Никита Калмыков, Павел Шабалин, Илья Калинин, Владислав Чернышов, Нұрбол Жұмасқалиев, Арман Смаилов, Артем Попов, Исмаель Фофана, Карлос Фонсека.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или