«Спорт менің ауламда» жобасы іске қосылды

«Спорт менің ауламда» жобасы іске қосылды

Алматыда «Спорт менің ауламда» спорттық бағдарламасы іске қосылды. Бүгін Алматы қаласы Алғабас 6 шағын ауданында бағдарламаның тұсаукесері өтті.

Спорттық бағдарлама арқылы 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар жаттықтырушымен бірге, өздері қалаған спорт түрімен өз аулаларында шұғылдана алады. Бұл бағдарлама осы жылдың көктемінен бастап 2019-шы жылға дейін жалғаспақ. Жоба аясында білікті нұсқаушылар кестеге сай шеберлік сабақтарын өткізіп, балалардың дұрыс жаттығып, дене шынықтыру мәдениетіне үйретпек.

Бағдарламаның басты мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спортпен айналысуға қызықтыру. Кез келген бала Алматы қаласының бар алаңдарында жаттықтырушымен, басқа балалармен спортпен шұғылдана бос уақыттарын тиімді пайдалана алады.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде, Алматы қаласының спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер үлесі артып, тұрғылықты жері бойынша дене шынықтырумен айналысатын жеткіншектердің жалпы саны 2017 жылы 7% -ды құраса, 2020 жылы 30% - ға дейін жеткізу.
Айта кету қажет, «Спорт менің ауламда» спорттық бағдарламасы осы жылы қаланың 6 әкімшілік ауданындағы жалпы саны 75 спорт алаңдарын іске қосуды көздейді.

19c72e49cd09ee849939c104384dc90d.jpg
Алматы қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Әбіл Донбаев шараға қатысып, бағдарлама жайлы айтып берді:

«Бұл – қала әкімдігінің қолдауымен басталған бағдарлама. Биылдан бастап жобаны «Спорттық Алматының» құрамынан алып шықтық. «Спорт менің ауламда» Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де жоқ бірегей жоба десек болады. Бағдарлама арқылы қоғамдық ұйымдардың беделін асырып, оларға бар мүмкіндікті беруді жоспарлап отырмыз. Біз әр аулаға нұсқаушыларды аламыз. Оларды тексерістен өткіземіз. Оған белгілі бір тапсырма беріледі. Күніне әр әдіскер төрт сағат жұмыс істесе, аптасына өзіне берілген 20 сағат жұмысын атқаруы тиіс. Бала жеті жастан бастап дене шынықтырумен аптасына 6 сағаттан кем айналыспауы тиіс. Мектепте оларға 3 сағат беріледі. Сондықтан біз қосымша 4 сағат беруді ойластырдық. Жүйені біз осы жерден алып отырмыз. Әдіскерлер әр алаңда таңертең және кешке екі сағаттан жаттығу жасатады және бұның бәрі толығымен тегін өтеді. Біз осы жобаны енгізіп жатырмыз. Әзірге біз 75 алаңды алдық. Алғашқы кезеңде осы алаңдарда жұмыс жүргізіледі. Осы жобаның жұмысын әлі де жалғастыра береміз», - деді Әбіл Донбаев.

Осы орайда жобаның атқарушы директоры Жұмақанова Алла бағдарлама жайлы пікірімен бөлісті:

«Бағдарламаның бастапқы концепциясы 3 жылға жасақталған болатын. Біздің қалада 600-ден астам көше алаңдары бар. Олар – әртүрлі. Футбол, баскетбол, Workout, тенниске арналған алаңдар жеткілікті. Осы жылы жобаның алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. 2017 жылы 75 алаңды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Біз нұсқаушыларды жинадық. Қазір олар өз жұмысын бастап кетті. Алғашқы айдағы нәтиже жаман емес. Біз балаларды алаңға жинап, белсенді спортпен айналысуға көмек көрсеткіміз келеді. Мақсатымыз сол. Қазіргі күні кез келген бала спорттық секцияларға бара алмайды. Ал бұл жоба арқылы біз балалар мен жасөспірімдерге дене шынықтырумен тегін айналысуға жол ашамыз. Әркімнің тұрғылықты жеріндегі алаңда нұсқаушылар жұмыс істейтін болады. Біз ата-аналарды қосуға тырысамыз. Өткен жолы зейнеткерлер де қатысты. Бұл жоба салауатты өмір салтын насихаттап, балалардың спортпен айналысуына себеп болмақ», - деді Алла Жұмақанова.

1fccb128f445f19e098a8e0e150a5764.jpgБүгін алаңға жиналған балалар топ-топқа бөлініп, өз әдіскерлерімен бірге дене қыздыру жұмыстарын істеп, жаттығу істеді. Жаттығудан кейін әркім өзі қалаған алаң бөлігіне барып, бірі футбол ойнаса, бірі баскетбол, волейбол, бадминтон ойнауға көшті. Жоба ұйымдастырушылары осы жүйе арқылы алғашқы кезеңде 75 алаңды толығымен іске қосуды көздеп отыр. 3 жылға созылатын «Спорт менің алаңымда» бағдарламасы кезең өткен сайын дене шынықтырумен айналысатын балалар санын өсіруді жоспарлап тұр.

Фотолар: Еламан Тұрысбеков

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или