«Шахтердің» ойыншысын жедел жәрдем көлігі стадионнан алып кетті
Қарағандылық «Шахтер» клубының қорғаушысы Михаил Габышев ҚПЛ-ның «Тобыл» клубына қарсы ойынында ауыр жарақат алды.
Кездесудің 10-шы минутында қарағандылық ойыншы Алексей Щеткинмен допқа таласта сәтсіз құлап, ауыр жарақаттанды. Футболшы өз еркімен алаңнан кете алмады. Кейіннен оны жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткені белгілі болды.
Айта кетейік, Михаилдың орнына Оралхан Оміртаев кірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или