Барбоза: Макгрегор нағыз чемпион емес
UFC спортшысы Эдсон Барбоза Конор Макгрегордың нағыз чемпион емес екенін айтты.
«UFC маған Тони Фергюсонмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Ол екеуміз осы кездесудің болғанын қалаймыз. Макгрегор нағыз чемион емес. Оның белбеуі бар, бірақ мен осы дивизионда 20 шақты кездесу өткіздім. Фергюсон оннан көп, ал Хабиб онға жуық төбелес өткізді. Келесі чемпион уақытша белбеу үшін жұдырықтасады деп ойлаймын», — деп Барбозаның сөзін Yahoo!Sports жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или