«Қайрат» — тағы да «Футбол достық үшін» жобасында

«Қайрат» — тағы да «Футбол достық үшін» жобасында

«Қайрат» ФК Тимур Сегізбаев жасөспірімдер Академиясының базасында алматылық клубтың балалар арасындағы «Футбол достық үшін» әлеуметтік жобасына қатысуына арналған баспасөз-мәслихаты өтті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Турнир 26 маусым мен 2 шілде арасында Сан-Петерборда өтеді. Қазақстан бұл жобаға үшінші рет қатысқалы отыр. Бұл жолы да еліміздің атынан «Қайрат» футбол клубы қатысады. Турнирде Тимур Сегізбаев Академиясының тәрбиеленушісі Бақытберген Бейсембеков еліміздің намысын қорғайды. Жас ойыншы бала кезінен футболмен айналысады, бірнеше рет қалалық және халықаралық турнирлердің үздік қорғаушысы атанды, сондай-ақ, көптеген спорт жетістіктері мен жүлделері бар.

Қазақстандық жас футболшымен бір командада Қытай, Франция, Мозамбик, Грекия, Бельгия, Венгрия және Эстониядан балалар қатысады. Биыл жобаға қатысушы елдердің саны көбейді – 32-ден 64-ке. «Футбол достық үшін» жобасында Мексика мен АҚШ балалары тұңғыш рет қатысады. Осылайша, жоба төрт құрлықтың балаларын біріктірді – Африка, Еуразия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Америка.

Айта кетерлік жайт, биыл бағдарламаның форматы өзгерді. Енді балалар арасындағы құраманың орнына бір елден бір ғана бала шығады. Әр кандидаттан спорттағы жетістіктері ғана емес, ағылшын тілін жетік меңгеруі, комминикативті қабілеті болуы, сондай-ақ, оқуда жоғары жетістіктері талап етіледі.

Өткен іс-шараның басты мамандары ретінде «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, алматылық клубтың бас бапкері Кахабер Цхададзе, ұйымдастыру комитетінің төрайымы Әмина Қоңырбаева және балалар турнирі мен Конфедерация кубогынан ақпарат тарататын жас журналист Аделина Қасенов қатысты.

«Бұл жобаға қатысып жатқан уақытымыздан бері қатысушылардың саны көбейді. Биыл Сан-Петерборда бірден төрт құрлықтың командалары келеді және Мексика, Америка командалары қосылды. Яғни, қатысушылар саны екі есе көбейді деуге болады.

Бізге, «Қайрат» футбол клубы үшін Қазақстанның намысын осындай үлкен жобада қорғау өте маңызды. Еліміздің атынан тәрбиеленушіміз Сан-Петерборға барады. Бақытбекті осындай мүмкіндікпен құттықтаймын – «Футбол достық үшін» халықаралық жобасының қатысушысы атанды», - деді «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев.

«Футбол достық үшін жобасының» арнайы жүлдесі – Тоғыз құндылық кубогы. Бұл жыл сайын әлеуметтік бастамаларды ұйымдастырып, жоба құндылықтарын өмірде пайдаланатын кәсіпқой футбол клубтарына берілетін жүлде. Жеңімпазды жобаның жас елшілері дауыс беру арқылы анықтайды, дауыс беру «Футбол достық үшін» жобасына қатысатын барлық елдерде өтеді.

Айта кетейік, клубтың ресми сайтында өткен іс-шараның фотосы мен видеосы жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или