Диего Коста: Менің Моуриньоға алғысым шексіз
«Челси» клубының шабуылшысы Диего Коста командаға Жозе Моуриньо үшін қосылғандығын айтты. Испандық ойыншы лондондық клубқа 2014-ші жылы келген болатын.
«Мен ардайым Моуриньоға риза екенімді айтып жүремін. Себебі ол маған көп көмектесті. Ойыншылар үздік бапкермен жұмыс жасағысы келеді. Жозе үздіктер қатарында. Сондықтан мен«Челсиге» ауыстым. Ол өз ойыншыларынан көп нәрсені талап етеді. Соңғы маусым біз ойлағандай болмады. Ондай жағдайлар болып тұрады», - дейді Диего Коста.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или