«Челси» клубы Белоттиге қызығуда
Tuttosport басылымының хабарлауынша, лондондық «Челси» клубы «Ториноның» шабуылшысы Андрео Белоттиға 60 миллион еуро ұсынды.
Алайда италиялық клуб 23 жастағы шабуылшыны ешқайда жібермейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, 2015-ші жылы «Торино» Белоттиді 7,5 миллион еуроға сатып алған. Осы маусымда футболшы 31 ойында 26 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или