Қуат Хамитов: Керек болса Марста жұдырықтасамын

Қуат Хамитов: Керек болса Марста жұдырықтасамын

21-ші сәуір күні Владивосток қаласында жерлесіміз Қуат «Найман» Хамитов жеңіл салмақта Fight Nights Global чемпиондық титулы үшін тартысады. 

Аталмыш ММА турнирі «Фетисов Арена» спорт кешенінде өтеді. Жарыстың басты жекпе-жегінде отандасымыз ұйымның қазіргі чемпионы ресейлік Магомедсайгид Алибековпен жұдырықтасады.   

0af26c9c9c8c0d6242ce78fab0596d0d.jpg

«FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының чемпионы болу - жақсы нәтиже. Бұл тарих. Миллион жанкүйерлер бұны тамашалайды. Мен үш рет әлем чемпионы болғанмын. Мұндай үлкен жекпе-жектерде не істеу керек екенін жақсы білемін. 21-ші сәуір күні әр қазақстандық жанкүйер теледидар алдында маған қолдау көрсетеді. Мен үшін бұл ең басты мотивация!», – деді Найман. 

Сондай-ақ, Қуат жекпе-жектің Владивосток қаласында өтуі жайлы пікір білдірді. 

«Карьерамды бақылап жүрген адам менің кез-келген елде жұдырықтаса алатынымды біледі. Мен Англия, Жапония, Қытай және тағы басқа мемлекеттерде төбелескенмін. Өзге елде өнер көрсету - проблема емес. Бәлкім, менің қарсыласым жекпе-жектің Владивостокта өтуі оған көмектесетін шығар деп ойлап жүр. Бірақ ол қателесіп тұр. Керек болса Марста жұдырықтасуға дайынмын», - деді Хамитов. 

0b6befdac877a04adebdc87eb1d395b3.jpg

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или