Алматыда Аула командалары арасында футбол лигасы жалғасады
Сәуірдің 16-ы күні, «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында алып шаһарда аула командалары арасында футбол лигасының кезекті ойындары өтеді. Ойындар «Maxi Чай» компаниясының қатысуымен, сегіз жастан жоғары қатысушылар арасында, Байтұрсынов, 126 көшесінде орналасқан АУЭС (Алматы энергетика және байланыс университеті) білім ордасының футбол алаңында басталады.

Жарыстар екі жас санат бойынша және тегін өтетін болады. Біріншісі – «А» лигасы – 8 жастан 14 жасқа дейін болса , ал «В» лигасы – 15 жастан жоғары. Регламент бойынша әр команданың құрамында 8 ойыншыдан аспау керек, оның 6 немесе 5-і (алаңға байланысты) қақпашымен қоса алаңда ойнайды. 8-14 жастардағы балалар арасындағы ойындар 8:00-де басталады, ал 15-тен жоғары жастағы жасөспірімдер арасында 12:00-де басталады.
Айта кетсек, шағын футбол турнирлері Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – қала тұрғындарын спортпен айналысуға үгіттеу, шақыру. Сонымен қатар, бұқаралық және қолжетімді спорт түрлерінің бірі, футболды насихаттау. Айта кететін жайт, 2016 жылы бұл лига 2500-ден астам адам жинаған болатын.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Спорттық Алматы» басқармасының атынан дипломдар мен медальдермен марапатталады. Сонымен қатар, ойын барысында ең үздік ойыншыларда анықталады.
«Спорттық Алматы» ауқымды қалалық бағдарламасы спорттың барынша дамуына, спортты дәріптеуді, белсенді тынығуды насихаттауға бағытталған. «Спорттық Алматы» өткен жылдың басында бастау алып, қала тұрғындарын спорттық-бұқаралық шаралармен қуантып келеді.
Мекен-жайы: АУЭС университетінің футбол алаңы, Байтұрсынов к-сі, 126 Уақыты: Лига «А» - 8:00 Лига «Б» - 12:00 Қосымша мәлімет мына байланыс телефондары арқылы: 8 (777) 250 63 63 - Влад Кузнецов 8 (777) 303 23 83 - Ерлан Сартаев