Еуропа лигасы ойындары қызған шақ

Еуропа лигасы ойындары қызған шақ

Еуропа лигасының 1/4 финалындағы сегіз команда жеті елдің өкілдері. Бельгия елінен ғана екі команда бар.

0e123852cd660087ac683093f5ae0f71.jpg

Кездесулер Астана уақытымен 01:05-те басталады.

«Аякс» - «Шальке» кездесуінен тікелей трансляция.

Еуропа лигасының жеңімпазына чемпиондар лигасына жолдама бере бастағаннан бастап бұл турнирдің мәртебесі өсе түскен. Дәл осы жолмен Чемпиондар лигасына жолдама алғысы келетін командалардың бірі немістің «Шальке» командасы. Алайда «Аякс» та осалдар қатарынан емес.

f5637d9a3dd922bc8bc3e0d60b759518.jpg

«Сельта» - «Генк» кездесуінен тікелей трансляция.

Соңғы жылдары Чемпиондар лигасында ғана емес Еуропа лигасында да Испанияның командалары үстемдік құрып келеді. «Севилья» соңғы үш жыл қатарынан чемпион атанғанымен бұл жылы Чемпиондар лигасында бағын сынап ұзаққа бармады. «Сельта» Еуропа лигасының кубогын Испанияға тағы да әкелгісі келеді. Ал оларға бұл мақсатына жету үшін алдымен «Генк» командасын айналып өту қажет.

bb5a0dce62a1ac0374b132e18b7e37f0.jpg

«Лион» - «Бешикташ» кездесуінен тікелей трансляция.

«Лион» ішкі  біріншілікте үздік үштікке ене алмасы анық. Чемпиондар лигасына жолдама алудың жалғыз жолы Еуропа лигасында жеңіске жету. Олар азулы деген «Романың» өзін жарыс жолынан шығарып тастады. Ендігі кезекте түріктің «Бешикташ» командасы.

d4f63879d39b83b9412b67d1f1c6dcdf.jpg

«Андерлехт» - «Манчестер Юнайтед» кездесуінен тікелей трансляция.

Ағылшындық клубтар Еуропа лигасын менсіне бермейтін. Көп жағдайда негізгі құрам ойыншыларына демалыс беріп, біраз тынықтырып алатын. Ал бұл жолы «Манчестер Юнайтед» олай жасай алмайды. Себебі АПЛ-де төртінші орынға ілінеміз деген армандары сағымға айналып барады. Жозе Моуринью командасы «Андерлехтті» айналып өте алмаса басшылық басынан сипай қоймайтындығын жақсы түсінеді. Сондықтан да МЮ енді қалған күшінің бәрін Еуропа лигасына жұмсары сөссіз.

29d668303d06c0a7f6a553a25ff9ef5a.jpg

Дереккөз: prosports.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или