Қызылордада гандбодан 4-ші Жастар спорт ойындары аяқталды
Қызылорда қаласында 6-12 сәуір аралығында гандболдан Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары өтті.
Аталмыш жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен гандбол командалары жиналды. Нақтырақ айтсақ, Астана, Алматы қалаларымен қоса Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы үшінші мәрте Жастар спорт ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары ұтып алса, қола жүлде Астана қаласының командасына бұйырды.
Айта кетейік, жастар ойынынның жеңімпаз және жүлдегер командалары диплом, медаль, кубоктармен марапатталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или