Дибаланың жалақысы өседі
«Ювентус» шабуылшы Пауло Дибаламен жаңа келісім-шартқа отырады.
Келісім 4 жылға жасалады. Футболшы жылына 7 млн еуро жалақы алады. Осылайша, ол «Ювентуста» ең көп жалақы алатын ойыншылар ішінде екінші орынға көтеріледі. Бұл тұрғыда 7,5 млн еуро жалақы алатын Гонсоло Игуаин бірінші орында тұр.
Айта кетейік, Дибала «Ювентусқа» «Палермо» сапынан 2015 жылы 32 млн еуроға ауысқан болатын. Алғашқы келісім-шарт бойынша жылына 3 млн еуро алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или