«Ертіс» «Тараздың» қақпасына 5 гол соқты
«Ертіс» ҚПЛ-дың 7-ші туры аясында өз алаңында «Таразды» қабылдады.
Бірінші таймда екіжақ аңдыспай бірден шабуылға ден қойды. Ойынның 17-ші минутында қонақтар сапынан Мұхаметшин есеп ашты. Алаң иелері бірден есепті теңестіруге ұмтылған еді. Үш минут өткеннен кейін Фонсека гол соғып кетті. Екі голдан кейін ойын белсенділігін жоғалта бастады. Екі команда бастаған шабуылдар да нәтижесіз аяқталды. Бірінші таймның есебі – 1:1.
Ойынның екінші жартысында да командалар басымдықты өз қолына алғысы келді. Алаңның әр бұрышында доп үшін талас жүріп жатты. 59-шы минутта керекуліктердің жаңа ойыншысы Аслан Дарабаев командасын алға шығарды. Үш минут өткеннен кейін жартылай қорғаушы дубль жасап, есепті еселей түсті. Ал тағы үш минуттан кейін қонақтар доп айырмашылығын қысқарта алды. «Тараздың» ойыйншысы Фещук гол соқты. 76-шы минутта Алиев қақпа торында доп тулатып, «Ертістің» екі допқа алға шығуына көмектесті. 82-ші минутта Джедже есепті 5:2-ге жеткізді.
ҚПЛ. 7-тур. Павлодар
«Ертіс» - «Тараз» -5:2
Голдар: Фонсека 20; Дарабаев 59, 63; Алиев 76; Джедже 82 – Мұхаметшин 17; Фещук 66