Александер Чеферин: Жанкүйерлердің қауіпсіздігі бірініші орында

Александер Чеферин: Жанкүйерлердің қауіпсіздігі бірініші орында

УЕФА-ның президенті Александер Чеферин Дортмундта болған жағдайдан кейін пікірімен бөлісті.

«Мен Дортмундта болған жарылыстан кейін алаңдаулымын. «Боруссия» мен «Монако» командалары арасындағы кездесуді кейінге шегеру шешімі дұрыс болды. Себебі біз ең алдымен жанкүйерлер, командалар өкілі мен футболшылардың  қауіпсіздігіне көңіл бөліуміз қажет. Екі клубтың басшылығы, жергілікті билік органдары мен жанкүйерлерге ауызбіршілік танытқаны үшін алғысымды білдіремін», - деді УЕФА-ның президенті.

Айта кетейік, кеше «Боруссия Д» командасы автобусының қасында жарылыс болып, қорғаушы Марк Бартра мен полиция қызметкері жараланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или