«Лестер» әуесқой футболшымен келісімшартқа отырды

«Лестер» әуесқой футболшымен келісімшартқа отырды

Англиялық «Лестер» клубы Джош Гордонмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sky Sports.

Гордон «Лестер» клубының скауттарының назарнына іліккен. Нәтижесінде, «түлкілер» футболшыға бір жарым жылға келісімшарт ұсынған. Ойыншының трансферлік құны мен жалақы мәселесі құпияда ұсталуда.

Айта кететін жайт, 22 жастағы шабуылшы бұған дейін Англияның жетінші дивизионының «Стаффорд Рейнджерс» әуесқой командасында ойнаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или