Мартен Фуркад «Ювентус» - «Барселона» ойынын тамашалады (Фото)
Биатлоннан екі дүркін Олимпиада чемпионы және «үлкен хрустальді глобустың» алты дүркін жеңімпазы франциялық Мартен Фуркад Чемпиондар лигасының «Ювентус» пен «Барселона» арасындағы кездесуді тамашалады.
Атақты спортшы Ювентус стэдиум» алаңында сервисерімен бірге түскен фотосын фейсбук парақшасында жариялады.

«Сервисерің Италиядан болса, бұл маусымды осындай керемет ойынмен атап өтуге не жетсін», – деді Фуркад.
Айта кетейік, Мартен Фуркад Франция құрамасының намысын қорғағанымен, тегі каталониялық болып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или