Дибала: Бала күнімнен осындай жеңісті аңсадым!

Дибала: Бала күнімнен осындай жеңісті аңсадым!

«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала «Барселонамен» болған алғашқы ойыннан соң қуанышын жасыра алмады.

«Біз керемет ойын көрсетіп, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асырдық. Бұл «Камп Ноуда» болатын ойынның алдында үлкен басымдық. <br />Мен өте қуаныштымын. Бала күнімнен осындай жеңістерді аңсадым. Бүгін армандарым жүзеге асып отыр. Бұл жеңіс бізге күш беріп көздеген мақсатымызға жол ашатыны анық. <br />Алайда бізге жеңістің буына масайып қалмау қажет. Қарымта өтетін ойында бүгінгі кездесудің есебін естен шығару керек. Барлығы «Барселонаның» өз алаңында қаншалықты мықты екендігін біледі»,- дейді Пауло Дибала.

Естеріңізге салсақ, Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы «Ювентус» пен «Барселона» арасындағы алғашқы ойын алаң қожайындарының ірі жеңісімен аяқталды. Кездесуде Дибала екі гол соқты. Ал үшінші голды қорғаушы Кьеллини өз еншісіне жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или