«Ювентус» пен «Барселона»: Алыптардың айқасы

«Ювентус» пен «Барселона»: Алыптардың айқасы

Чемпиондар лигасының ¼ финалындағы супер кездесулердің бірі «Ювентус» пен «Барселона» арасында өтеді. Қос команда да финалда ойнауға лайықты ұжымдар. Алайда соқыр жеребе қос мықтыны осы кезеңде жолықтырып отыр.

Италияндық клубтар Чемпиондар лигасында топ жармағалы біраз болды. Сол олқылықтың орнын «Ювентус» толықтырғысы келеді. Осыдан екі жыл бұрын туриндік клубта мүмкіндік болған. Алайда финалға дейін сүрінбей жеткен италияндық командаға дәл осы «Барселона» тосқауыл болды. «Аузы күйген үрлеп ішіді» демекші енді «Ювентус» сол кезде жіберген қателіктерін сабақ алып, жеңіске бастар жолды тапсақ дейді. Одан бері команда қатарында біраз өзгеріс орын алған. Оның ішінде командағы қосылғанына көп болмаған «Реал» қатарында каталондық клубқа қарсы көптеген ойын өткізген Гонсало Игуаин мен «Барселонаға» жарамсыз болып қалған Дани Алвесті ерекше атап өтуге болады.

62c61f3f0f43186e703b4336d4e01f59.jpg

Ал «Барселонаны» ПСЖ мен өткен алғашқы ойыннан соң Чемпиондар лигасының осы кезеңіне дейін жете алады дегендер сирек болатын. Каталондық клуб қарымта ойында таңғажайып ерлік жасап франциялық команданы бес доп айырмасымен ұтып, келесі кезеңге шықты. Енді оларға ешкім қауіпті емес. Олардың басты қарсыласы тек өздері ғана. Егер Месси, Суарес, Неймардың ойыны жүрсе оларды ешкім тоқтата алмасы сөзсіз. Дегенмен олар да Испания біріншілігін соңғы турында «Малагадан» жеңіліп ішкі біріншілікте топ жарамыз деген арманын сағымға айналдырып алғанға ұқсайды. Ендігі басты көздегендері Чемпиондар лигасы екені даусыз. Екі жыл бұрынғы финалмен салыстырғанда негізгі құрам айтарлықтай өзгере қоймады. Бүгінгі ойынға команданың жүрегі саналып жүрген Бускетстің қатыспауы каталондық клубтың бас ауыруы болып отыр. Испания құрамасының ойыншысы сары қағаздарының көптігіне байланысты «Ювентуспен» өтетін алғашқы ойыннан шет қалды.

444a899cc7f73faa1618f9d75acfc971.jpg

<br />«Ювентус» пен «Барселона» арасында өтетін Италиядағы ойында Шимон Марчиняк төрелік етеді.

Екі алыптың арасындағы ойын Астана уақытымен 00:45-те басталады. Кездесуді ҚазСпорт арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или