Эстония – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
Бүгін Астана уақытымен 18:00-де 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің алғашқы кезеңінде Эстония мен Қазақстан кездеседі.
Тбилисидегі «Михаил Месхи-2» стадионында Эстония мен Қазақстанның әйелдер командалары күш сынасады. Бұл А тобындағы шешуші матч – бүгін іріктеудің келесі кезеңіне кімнің өтетіні белгілі болады.
Келесі кезеңге топта бірінші орын алған құрама тікелей өтеді. Сондай-ақ, өз топтарында екінші орын еншілеген төрт құраманың біреуі де келесі кезеңге жолдама алады. Бұл тұста екінші сатыдағы командалар топ жеңімпазы мен үшінші орындағы құрамаға қарсы ойында жақсы статистика көрсетуі тиіс.
Біздің құрама әзірше төрт ұпаймен екінші орында тұр. Көш басындағы Латвияда да төрт ұпай. Ал Грузия болса, үш ұпай жинап, үшінші сатыда келеді. Төртінші орындағы Эстонияда ұпай жоқ.
А тобының кестесі:

Назарларыңызға Эстония – Қазақстан матчының тікелей трансляциясын ұсынамыз: