Неймар «Реалға» қарсы ойнамауы мүмкін

Неймар «Реалға» қарсы ойнамауы мүмкін

«Барселонаның» шабуылшысы Испания чемпионатының үш кездесуіне қатыспауы ықтимал.

Marca басылымының мәліметтеріне сүйеенсек, Испания футбол Федерациясының төрелік комитеті Неймарды үш ойынға шеттетеді. 

Естеріңізге сала кетсек, «Малагамен» өткен ойында бразилиялық футболшы қызыл қағаз көрсеткен бас қазыға боқтық сөздер айтқан болатын.

Осылайша, Неймар «Реал Сосъедад», «Реал» және «Осасунаға» қарсы матчтарға қатыспайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или