Бүгін Анталия қаласында өткен дзюдодан «Grand Prix» турнирінде қазақстандық спортшы жүлделі орынға ілінді.
100 келіге дейін салмақ дәрежесінде сыңға түскен Максим Раков жарыстың күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда ресейлік Нияз Ильясовты ұтты. Финалда Раков тағы бір ресейлік дзюдошы Алдан Бисултановтан айласын асыра алмады.