Атропов – жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Атропов – жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

Қазақстандық Артем Антропов жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды.

85 келіге дейін салмақта сынға түскен Артем жұлқа көтеруде 138 келіні, серпе көтеруде 185 келі зілтемірді бағындыра алды. Қос жаттығу қорытындысы бойынша 17 жасар Антропов 323 (138+185) келіні көтерді.

Поляк Стефан  Бартоломий 318 (143+175) келімен күміс медаль жеңіп алды. Ал ирандық Папи Махди үздік үштікті түйіндеді - 304 (132+172).

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан үшін алғашқы алтын медальді Анатолий Савельев жеңіп алған болатын. Ол 62 келіге дейін салмақта топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или