Қуат Хамитов: Мен үшін халқымның қуанышы кез келген белбеуден артық

Қуат Хамитов: Мен үшін халқымның қуанышы кез келген белбеуден артық

Жеңіл салмақта чемпиондық белбеуге үміткер Қуат Хамитов 21 сәуірде өтетін FIGHT NIGHTS GLOBAL 63  турниріндегі Магомедсайгид Алибековпен кездесуі жайлы пікірін айтты.

«FIGHT NIGHTS GLOBAL-дың алғашқы чемпионы атану жақсы ғой, бұл тарих. Миллиондаған адамдар сол сәтті көреді. Білесіз бе, мен үш рет әлем чемпионы атанғанмын. Үлкен жекпе-жектерге қатыстым және жеңіс үшін не істеу керегін білемін. Сондай-ақ, 21 сәуірде елімдегі әр отбасы және әр қазақ экранға қарап, дұға тілеп отырады! Олардың бәрі де менің жеңісімді күтеді. Мен үшін маңыздысы осы. Халқымның қуанышы кез келген белбеуден артық!», - деді Қуат.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или