Коутиньо АПЛ тарихындығы үздік бразилиялық сұрмерген атанды
«Ливерпуль» клубының жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо «Сток Ситимен» (2:1) болған ойында гол соғып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосты.
Бұл гол Коутиньоның АПЛ-де соққан отызыншы голы. Бұған дейін АПЛ-де ешбір бразилиялық ойыншы отыз гол соқпаған еді.
Бұған дейінгі үздік көрсеткіш «Мидлсбро» (1999-2000, 2002-2004) командасында ойнаған Жуниньо Паулистаға тиесілі болатын.
Коутиньо «Ливерпульде» 2013-ші жылдан бері ойнап келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или