Мадридтік дерби тең аяқталды
Испания чемпионатының 31-турында мадридтік клубтар кездесті.
Көш басындағы «Реал» өз алаңында «Атлетиконы» қабылдаған. Бірінші таймда командалар гол соға алған жоқ. Ал үзілістен соң Пепе «Корольдік клубты» алға шығарды. Алайда ойын аяқталар тұста Антуан Гризманн таразы басын теңестіріп тастады. Қорытынды есеп – 1:1.
Осы матчтан соң «Реал» 72 ұпаймен көш басындағы орнын сақтап қалды. Алайда екінші орындағы «Барселона» өз матчын әлі өткізген жоқ. Ал «Атлетико» болса, 62 ұпаймен үшінші сатыда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или