Алексей Еременко: Үш гол жіберген соң ғана ес жидық
Қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Алексей Еременко алматылық «Қайратқа» (1:4) қарсы ойын жайлы пікірін айтты. Бұл туралы алматылық ұжымның баспасөз-қызметі хабарлады.
- Мұндай ойыннан кейін пікіріңді айту өте қиын (жымиып). Әсіресе, бәрі он минуттың ішінде шешіліп тасталса. Өте нашар бастадық. Ойын бойы жетіп алуға, бір нәрсе ұйымдастыруға тырыстық. Жалпы, жігіттер екінші таймда ұмтылып, жас жігіттер шықты. Бірнеше мүмкіндіктер болды, бірақ ол аздық етеді, әрине.
- Бірінші таймда орталық қорғаушылар жиі қателесті...
- Мәселені ертерек қарау керек деп есептеймін – шабуылдың қайдан басталғанын қарау қажет. Жекпе-жектерде жеңіліп қалдық. Орталық қорғаушылар позицияны дұрыс таңдаған жоқ және қақпашы оларды бақылауда ұстау қажет еді. Байланыс дұрыс болмады. Екінші голда да: қажет емес жерде допты жоғалтып алдық. Қонақтардың қарымта шабуылына дайын болмай шықтық. Тым баяу ойнап, үш гол жіберген соң ғана өз есімізді жия алдық. Жетіп алуға тырыстық, бірақ бұлай істеуге болмайды. Орталық қорғаушыларға жылдам ойнау қажет. Жалпы, жақсы ойнадық және оларға көп мүмкіндік бермедік.