«Астана» сырт алаңда жеңіске жетті
«Астана» сырт алаңда «мұнайшылармен» кездесу өткізді.
Қонақтар бірден басымдықты өз қолына алып, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра бастады. Кабананга қақпашымен жалғыз қалып, соққы бағыттаған. Бірақ Пасаченко өз иелігін голдан аман сақтап қала алды. Алаң иелері де қарап қалған жоқ. Джалишвили айып алаңында қарбалас кезінде қақпашыдан асыра гол соққысы келген еді. Доп қақпа маңдайшасынан биік ұшты.
Екінші таймда да командалар аса қарқынды бола қоймады. Кезең соңына дейін есеп ашылмай, ойын көбіне орта алаңда өрбіді. 83-ші минутта Логвиненко гол соғып, қонақтарды алға шығарды. Қорытынды есеп - 0:1, астаналықтар кезекті үш ұпайын еншіледі.
ҚПЛ. 8-сәуір. 5-тур. Атырау
«Атырау» - «Астана» - 0:1
Гол: Логвиненко 83
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или