«Тараз» «Ордабасыдан» басым түсті
«Тараз» өз алаңында шымкенттік «Ордабасымен» кездесу өткізді.
Алаң иелері «Ордабасыдан» жеңілмейтінін алғашқы минуттардан-ақ аңғартты. 14-ші минутта Руслан Мухаметшин есеп ашты. Тараздықтар содан кейін де бірнеше мәрте шабуыл жасап, гол соғуға тамаша мүмкіндіктерді қолдана алмады. 30-шы минутта шымкенттіктер айып добын орындап, Мардан Төлебек есепті теңестіріп кетті. 31-ші минутта Жақып Қожамберді қақпада доп тулатып, тағы да алаң иелерін алға шығарды.
Екінші таймда екі команда да бірқалыпты ойын көрсетті. Арасында ұйымдастырылған қауіпті шабуылдар голға ұласа қоймады. Шымкенттік клуб есепті теңестіруге ұмтылғанымен, есеп өзгермеді. Қорытынды есеп - 2:1.
ҚПЛ, 8-сәуір, Тараз.
«Тараз» - «Ордабасы» - 2:1
Голдар: Мұхаметшин 14, Қожамберді 31 – Мардан Төлебек 30