«Қайсар» мен «Тобыл» тең түсті
«Қайсар» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» қабылдады.
Алғашқы он минуттықта екі команда да қауіпті шабуылдармен алмасып үлгерді. Алаң иелері Сартаковтың қателігінен кейін Стефан Николич алыс бұрышты көздеп көрген, бірақ доп қақпаға дарымады. Бұған қостанайлықтар Деспотовичтың айып добымен жауап берді. Қақпа маңдайшасына бағытталған допты Цирин шығарып алды. Содан кейін тағы сол Деспотович алыстан соққы бағыттап көрді. Бұл жолы да шабуылшының добы қақпа торында туламады. Қызылордалық футболшылар осыдан кейін басымдықты өз қолына алып, шабуылдарын үдете түсті. Алайда бірінші таймда екі команданың да қоржыны бос кетті.
Екінші тайм да дәл осы жылдамдықпен жалғасты. Екіжақ бірнеше қауіпті шабуылмен алмасты. Бірде қақпашылар сәтті ойнаса, бірде шабуылшылар қиыс тепті. Қызылордалық клуб сапныан <span>Нтибазонкиза қапталдан ойыншыларды алдап өтіп, соққы бағыттап көрді. Бірақ ол да голға ұласпады. </span>
ҚПЛ. 5-тур. Қызылорда, Г. Мұратбаев атындағы стадион
«Қайсар» - «Тобыл» - 0:0
«Қайсар»: Исламқұлов, Аржанов, Граф, Камара, Курьор, Ламанж, Николич, Әміррсейітов, Байжанов, Евстигнеев, Нарзилдаев
Қосалқы құрам: Григоренко, Жахаев, Чуреев, Сахалбаев, Мулдаров, Кукеев, Коробкин, Горячий, Нтибазонкиза,
«Тобыл»: Непогодов, Деспотович, Кассай, Савич, Малый, Мирошниченко, Молдақараев, Мухутдинов, Сартаков, Щеткин, Тағыберген
Қосалқы құрам: Бусурманов, Главина, Эльмурзаев, Джалилов, Дмитренко, Жакупов, Жаңғылышбай