«Қайрат» «Шахтерді» ірі есеппен ұтты
«Қайрат» бесінші тур аясында сырт алаңда «Шахтермен» кездесу өткізді.
Қонақтар ойынның басынан белсенді бастап, Исаэль қақпаға соққы бағыттап көрді. Алаң иелерінің қарымта шабуылы кезінде Покатилов сенімді ойнады. Ойынның 12-ші минутында тағы сол Исаэль соққы жасап, осы жолы мүлт кетпеді. Бес минуттан кейін шабуылшы Жерар Гоу Қуаттың шығарған пасын голға айналдырды. Ал 19-шы минутта тағы сол Жерар Гоу дубль жасап, есепті еселей түсті. Алаң иелері қанша ұмтылғанымен, есеп айырмасын қысқарта алмады. Бірінші тайм 0:3 есебімен аяқталды.
Екінші таймда да қарағандылықтар есепке өзгеріс енгізе алмады. Олардың шабуылын алматылықтардың қорғаушылары сәтті қайтара алды. 65-ші минутта Жерар Гоу осы кездесудегі үшінші голын соғып, жалпы есепті 4:0-ге жеткізді. 77-ші минутта Өміртаев Покатилов қақпасына гол соғып, есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 1:4. Алматылық клуб үш ұпай еншіледі.
ҚПЛ, V тур, 8 сәуір, Теміртау, «Металлург» стадионы
«Шахтер» - «Қайрат»
Голдар: Өміртаев 77 - Исаэль 12, Жерар Гоу 17, 19, 65
«Шахтер»: Шацкий (В), Сзоке, Кадио, Айебуси, Зошак, Станоевич, Аллегрия, Михаил Габышев, Скорых, Тәжімбетов, Тарасов;
Қосалқы құрам: Багинский, Орал, Өміртаев, Васильев, Мангуткин, Хайруллин, Тәттібаев, Шахметов, Әлімбаев.
«Қайрат»: Покатилов, Маркович, Арзо, Суюмбаев, Қуат, Элек, Бакаев, Исламхан, Иличевич, Исаэль, Жерар;
Қосалқы құрам: Плотников, Вороговский, Ахметов, Қуантаев, Тұрысбек, Балтабаев, Жуков, Аршавин, Чума.
Төрешілер: Виктор Антонов, Семен Журавлев (екеуі де - Павлодар), Максим Субботин (Талдықорған)