Анатолий Соловьев - жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Анатолий Соловьев - жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анатолий Соловьев 62 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.  

Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 281 келіні (127+154) бағындырып, барлық қарсыластарынан басым түсті. Қытайлық ауыр атлет Юньбань Вей 276 келі (126+150) көтеріп, екінші орын алса, индонезиялық Халим Сетяван <span>267 келі көрсеткішімен (121+146) </span>үздік үштікті түйіндеді. 

 

Дәл осы салмақ дәрежесінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Сайхан Тайсуев жарысты 17-ші <span>(105+132) </span>орында аяқтады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или