«Дженоа» Джованни Симеонені «Атлетикоға» сатудан бас тартты
Италияндық БАҚ-тың хабарлауынша «Дженоа» Джованни Симеонені «Атлетико» клубына сатудан бас тартқан.
Мадридтік клуб кіші Симеоне үшін 18 млн еуро ұсынған көрінеді.
Алайда, бұл сома «Дженоа» командасын қанағаттандырмаған. Италияндық клуб өзінің жас таланты үшін 25-30 млн еуро алғысы келеді.
Айта кетсек, «Атлетико» клубын Джованни Симеоненің әкесі Диего Симеоне жаттықтырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или