Желіде Исламхан мен Қуаттың жанкүйерлермен сөзге келіп қалған видеоcы пайда болды
Желіде «Қайрат» футболшыларының жанкүйерлерімен сөзге келіп қалған видеосы пайда болды.
Тengrinews.kz порталының хабарлауынша, оқиға Қазақстан премьер-лигасының төртінші турындағы «Қайсарға» қарсы ойынынан кейін болған. Матч соңында алматылық команданың капитаны Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуат матч соңында жанкүйерлермен сөзге келіп қалды.
Кездесуден соң «Қайрат» футболшылары әдеттегідей жанкүйерлерді қолдаулары үшін алғыс білдіріп, стадионды айналып шыққан. Дегенмен алматылық команданың кейбір жанкүйерлері Исламхан мен Қуаттың әрекеттеріне көңілдері толмағанын айтқан. Сөйтіп, алдымен Қуат жанкүйерлермен бұл мәселені шешуге барады. Кейін тәртіп сақшылары Исламхан мен жанкүйерлер арасында орын алуға шақ қалған қақтығысты тоқтатып қалды.
Ескерту! В<span>идеода бейәдеп сөздер бар!</span>