Ғаламторда Аршавинді соңғы айда 32 мың рет іздеген
«Советский спорт» Ресей чемпионатында өнер көрсететін футболшылардың қайсысын қолданушылар «Яндекстен» көп іздейтінін зерттеп көрді.
Зерттеу нәтижесі бойынша Дмитрий Тарасов оқ бойы озып кетті – 198 869 рет ізделген. Екінші орында Александр Кержаков – 29 548. Ал үздік үштікті Федор Смалов түйіндеп тұр – 19 051 іздеу.
«Үздік үштікке ресейлік тағы бір тамаша футболшы Андрей Аршавин де ене алатын еді. Оны соңғы айда 32 698 рет іздеген. Бір ғана мәселе – Андрей Ресей чемпионатында емес, қазақтың «Қайрат» футбол клубында ойнайды», - деп жазылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или