Қайрат Боранбаев: «Қайрат» мен үшін 5 жасар бала сияқты
«Кайрат» ФК Бақылау Кеңесінің басшысы Қайрат Боранбаев УЕФА атқарушы комитетінің үміткерлігіне сайысқа түспейтінін айтты.
Бұл жайлы Қайрат Брнанбаевтың өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Мен 5-ші сәуір күні Хельсинкиде өтетін УЕФА-ның атқарушы комитетінің үміткерлігінен бас тарттым. Мен дауыс беру жүйесінің екі турынан өттім. Бірінші кезеңде 22 үміткер болған, ал соңғы кезеңнің қарсаңында УЕФА атқарушы комитетінің мүшелігіне бөлінген 8 орынға 12 үміткер қалды.
... Меніңше, УЕФА атқарушы комитеті менсіз де күн көре алады, ал мен біздің клубымызсыз күн көре алмаймын. Ол мен үшін 5 жасар кішкентай бала сияқты. Оған көбірек көңіл бөлу қажет», - деді Қайрат Боранбаев.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА-ның атқарушы комитеті 5-ші сәуір күні Хельсинкидегі конгрессте өтетін сайлауға түсетін үміткерлердің тізімін жариялаған.
Сол тізімдегі үміткерлерді естеріңізге салайық: Збигнев Бонек(Польша), Қайрат Боранбаев (Қазақстан), Джон Дилейни (Ирландия), Арманд Дука (Албания), Дэвид Гилл (Англия), Райнхард Гриндель (Германия), Мариос Лефкаритис (Кипр), Эльхан Мамедов (Әзірбайжан), Карл-Эрик Нильссон (Швеция), Киран О'Коннор (Уэльс), Микеле Ува (Италия), Михаэль ван Праг (Нидерланды), Сервет Ярдимчи (Түркия).