Себастьян Абреу 29-шы рет клуб ауыстырды
Уругвай құрамасының бұрынғы шабуылшысы Себастьян Абреу түрлі клубтарға ауысу саны жағынан өз рекордын өзі жаңартты.
40 жастағы форвард Уругвай чемпионатының төменгі лига клубы «Сентраль Эспаньолға» ауысып, өз мансабындағы 29-шы футбол келісімшартына қол қойды. Футболшы уругвайлық «Дефенсор Спортинг» клубымен алғашқы келісімшартына 1995 жылы қол қойды. Бар-жоғы әлемнің 10 елінде ғана доп тепкен: Уругвай, Мексика, Сальвадор, Испания, Бразилия, Эквадор, Грекия, Израиль, Парагвай және Аргентинада. Уругвай үшін 70 матч өткізіп, 26 гол салған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или