Кикбокс. Қазақстан – Қытай өзара күш сынайды

Кикбокс. Қазақстан – Қытай өзара күш сынайды

Қытайдың Хоргос қаласында кикбокстың К-1 түрінен Қазақстан-Қытай құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды қазақстандық басылымдар.

Бұл кездесу 8 сәуірге жоспарланған. Еліміздің намысын Астана қаласының  «Tobet top team» спорт клубы қорғайтын болады. Сайыста алты жұп өзара кім мықтыны анықтайды. Жекпе-жектерді Қытайлық жергілікті арналарының бірі көрсетеді. Қазақ елі атынан 60 келіде Ерқанат Оспанов, 63 келіде Иван Добрынин мен Аслан Ораз сынға түссе, 65 келі салмақта Алихан Оздоев, 70 келіде Рүстем Ақжанов және 80 келіде Сұлтан Қиялов ел намысын қорғайды. Негізгі жекпе-жек Рүстем Ақжанов мен Қытай спортшысы арасында болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или