Марко Жаркович: Бізге сәттілік жетіспеуде

Марко Жаркович: Бізге сәттілік жетіспеуде

Алматының Орталық стадионында өткен «Қайрат» пен «Ертіс» арасындағы кездесу 1-1 есебімен аяқталды.

- Жарко, ойын жайлы не айтасыз?

- Бірінші кезекте біз бір команда екенімізді айта кетейін. Жеңіске жетсек те, жеңілсек те бір командамыз. Дәл қазір менің өзім ештеңе айта алмайтын жағдай болып тұр... Мүмкін, бізге сәттілік жетпейтін болар. Қарсыласымыз біздің қақпаға тек үш соққы бағыттады. Оның біріншісі Аслан Дарабаевтың айып соққысы. Ал екіншісі Илья Воротниковтың соққан голы. Шынымды айтсам неге осылай болып жатқанын түсінбеймін. Ойынға келер болсам жаман ойнадық деп те айта алмаймын. Бірақ, біз ұпай жоғалттық. Ойланып, қайта жеңіске жетіп бастауымыз керек.

- Әзірге жоғалған ештеңе жоқ?

- Әрине. Бұл тек алғашқы турлар. Біздің аз ұпай алып жатқанымыз рас. Алайда, біз бүгінгі бірінші таймдағы ойнымызды көрсетсек бірінші орынға таласа аламыз.

- Бүгін жанкүйерлер тек сізге ғана алғыс айтты...

- Иа, менің атымды айтып айғайлап жатқандарын көрдім. Бірақ мен бүкіл командаға қолдау көрсеткенін қалаймын.

- «Қайрат» биылға маусымда бес гол соқты. Оның екеуі сіздің еншіңізде. Алдыңызға көбірек гол соғу мақсатын қомайсыз ба?

- Жоқ, әрине жоқ. Біріншіден бұл қорғаушылар үшін өте ауыр. Мен гол соқпай менің орнымы шабуылшылар гол салса мен қуанышты болар едім.

- «Астананың» біріншілікті нашар бастауы сіздерге қол болады деп ойлайсыз ба?

- Әзірге бірдеңе деу қиын. Алда әлі 33 тур бар. Біз алға шығып кеткіміз келеді. Бәрі өз қолымызда.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или