Давид Лория: «Қайратқа» қарағанда біз үшін тең есеп жақсы нәтиже
«Қайрат» пен «Ертіс» арасындағы<span> </span><span>тең аяқталған кездесуден соң қонақ команданың қақпашысы Давид Лория тілшілер сұрағына жауап берді.</span>
- Ойын керемет болды. Қарсылас әдеттегідей өзінің жақсы қырынан көрінді. Тең есепке көңліміз толады. Стандарттық жағдай біздің басым тұсымыз болатын. Стандарттан есепті теңестіре алдық. Алайда сол стандарттан қақпамызға гол да жібердік. Алматыда ойнау әрдайым қиын. «Қайратқа» қарағанда біз үшін тең есеп жақсы нәтиже. «Ақтөбеден» жеңілгеннен соң бізге тез арада түзелу керек болды. Бүгін ол біздің қолдан келді деп ойлаймын.
<span>- Бірнеше қауіпті сәттерде командаңызды құтқардыңыз. Өзіңізді ойынның үздік ойыншысы санайсыз ба?</span>
<span>- </span>Жоқ. Ең бастысы командалық ойын. Әрине, қауіпті сәттерде командаңа көмектесе алғаның жақсы. Алайда ең бастысы команданың нәтижесі. Мен бұл стадионды өте қаттты жақсы көремін. Алматының алаңында ойнаған өз басыма қатты ұнайды.