Криштиану Роналду: МЮ - футболдағы жетістіктерімнің бастауы

Криштиану Роналду: МЮ -  футболдағы жетістіктерімнің бастауы

«Реал» клубының ойыншысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» командасында жетінші номерді Алекс Фергюсонның ақыл кеңесінен кейін алғандығын мойындады.

«Алғашында мен 28-ші номерді сұрағам. Алайда маған Фергюсон: « Мен сенің жетінші номерді алғаныңды қалаймын» деді. Мен таң қалдым. Себебі ол номермен маған дейін қандай ойыншылар ойнағанын білетін едім. МЮ менің футболдағы жетістігімнің бастауы болды. Ол клубта өткізген бес жылымда мен футбол өнерін үйрендім. Біз көп жүлдеге қол жеткіздік. Арманым шындыққа айналды», - дейді Роналду.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или