«Қайрат» «Ертіспен» тең түсті
Футболдан Қазақстан чемпионаты аясында «Қайрат» өз алаңында «Ертісті» қабылдады.
Қатарынан үш матч бойы тең түскен Кахабер Цхададзенің шәкірттері керекулік клубқа қарсы ойында жеңісті көздеген болатын. Бірақ алматылықтардың бұл жоспары жүзеге аспады. Тартысты өрбіген алғашқы кезеңде есеп ашылмады.

Есесіне екінші таймның басында «Қайрат» таблода есеп ашты – Маркович Исаэльдің пасынан гол соқты. Артынша, бразилиялық футболшының есепті еселейтін екі жақсы мүмкіндігі болған – бірінші соққысы қақпадан биік кетсе, екіншісін Лория сәтті қайтарды. Ал ойынның аяқталуына он минут қалғанда Димитар Димитровтың командасы есепті теңестірді – Воротников бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жетіп, Плотников қорғаған қақпадан саңлау тапты. Матч соңына дейін нәтиже өзгермеді - 1:1.
Осылайша, алматылық команда қатарынан төртінші ойында тең түсті.
ҚПЛ – 2017. 18-ші тур
«Қайрат» - «Ертіс» - 1:1 (0:0)
Голдар: Маркович 47 – Воротников 80
«Қайрат»: Плотников, Маркович, Суюмбаев, Арзо, Қуантаев (Чума 45), Бакаев, Иличевич (Аршавин 64), Исламхан (к), Исаэль, Қуат, Гоу (Ахметов 77)
Қосалқы құрам: Покатилов, Вороговский, Ахметов, Тұрысбек, Элек, Жуков, Чума, Балтабаев, Аршавин
«Ертіс»: Лория (к), Бандо, Ткачук, Есімов (Калинин 76), Живкович, Двали, Гетериев, Дарабаев, Антонио (Джа Джедже 63), Фонсека, Воротников
Қосалқы құрам: Қалмықов, Шабалин, Фофана, Смайылов, Әлиев, Жұмасқалиев, Попов, Джа Джедже, Калинин
Бас төреші: Анатолий Вишниченко (Қостанай)
Алматы қ., Орталық стадион. 4 сәуір 2017 ж.